Қоңқабаев алғашқы жекпе-жекте Испания өкілі Аюб Дриссиге төрешілердің бөлінген шешімімен жеңіліп, Олимпиададан ұшып кетті.
«Кімнің қолын көтерді, сол жеңді. Біз бұл нәтижені қабылдаймыз. Сіздер бәрін өздеріңіз көрдіңіздер. Мен бар күшімді салдым. Басқа олимпиадалық медальдар үшін күресіп жатқан боксшыларымызды қолдауға және жанкүйер болуға шақырамын», — деді Қоңқабаев жекпе-жектен кейін.
Қазақстанның бокс құрамасы үшін бұл Олимпиададағы екінші шығын. 28 шілдеде команданың капитаны Асланбек Шымбергенов те турнирден шығып қалған болатын.