«Мұнай астанасы кубогының» соңғы күнінде Әлем чемпионы, Еуропа және Азия жүлдегерлері өнер көрсетеді
20 қыркүйекте Атырауда «Мұнай астанасы кубогы» халықаралық күрес турнирінің соңғы күні өтеді. Еркін күреске Қазақстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Әзірбайжан, Австрия, Қырғызстан және Түркия спортшылары қатысады.
Бұл күні бес салмақ дәрежесінде еркін күрестен жарыс өтеді.
Бұл салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Ахмед Усманов, әлем жүлдегерлері Генрих Хайкян, Асылжан Есенгелді, Еуропа жүлдегері Ашраф Әшіров, Азия жүлдегерлері Иманғали Қалдыбек, Әкежан Айтбеков және басқалар өнер көрсетеді.
Тікелей эфирде бүкіл турнирді Sport Plus Qazaqstan телеарнасында, сондай-ақ Sportplustv.kz сайтында тікелей эфирде көруге болады.
Алдын ала жарыстар сағат 10:30–да басталады. 15:00–де жартылай финал өтеді, ал 18:00-де үшінші орын мен финал үшін жекпе-жек басталады.