logo

Михаил Кукушкин ATP әлемдік рейтингінде көтерілді

Михаил Кукушкин ATP әлемдік рейтингінде көтерілді

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин бірден 13 орынға көтеріліп, 121-ші орынға ие болды.

Үш үздік ойыншы өзгеріссіз қалды: бірінші орында – итальяндық Янник Синнер, одан кейін серб Новак Джокович пен испандық Карлос Алькарас орналасқан. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 25-ші орында қалды, ал Александр Шевченко екі орынға төмендеп, енді 58-ші орынды иеленді. Денис Евсеев 15 орынға төмендеп, 181-ші орынға түсті. Дмитрий Попко мен Тимофей Скатов екі орыннан жоғалтып, сәйкесінше 187-ші және 191-ші орындарға ие болды.



Күн шежіресі