Мартин Эдегор: Қазақстанды жеңуіміз керек еді
Норвегия құрамасының капитаны Мартин Эдегор Қазақстанға қарсы УЕФА Ұлттар Лигасының бірінші турындағы (0:0) матчтың қорытындысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:
«Бүгінгі нәтижеден көңіл қалды. Жеңуіміз керек еді, өте өкінішті. Біз жақсы ойнап, гол жібермедік, бірақ доп қақпаға кірмеді. Біз бұл мәселені шешуіміз қажет».