logo

Марин Томасов - Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 1-турының соққы жасау саны бойынша үздігі

Марин Томасов - Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 1-турының соққы жасау саны бойынша үздігі

«Астананың» жартылай қорғаушысы Марин Томасов Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының бірінші турында соққы жасау саны бойынша үздік атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Хорваттық ойыншы «Жеңіс» қақпасына 7 соққы жасап ерекшеленді, бірақ ол қанжығасын майлай алмады.

«Ақтөбе» шабуылшысы Идрис Умаев «Қайсар» қақпасына бес соққы жасап, екі рет көздеген мақсатына жетті.

Қақпаға соққы жасаудан үзік үштікті Игорь Иванович («Тобыл») және Иракли Бидзинашвили («Жеңіс») тұйықтады. Қос ойыншы қарсыластың қақпасына 4 рет соққы жасады.



Күн шежіресі