Әлібек Қасым – Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 1-турында допты тартып алу саны бойынша үздік
Қазақстан құрамасы мен «Ақтөбе» командасының қорғаушысы Әлібек Қасым Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының бірінші турының қорытындысы бойынша допты тартып алу саны бойынша үзік атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қасым «Қайсармен» (3:1) өткен ойында 23 сәтті әрекет жасады. Аталмыш көрсеткіш бойынша үздіктер қатарына «Елимай» командасының жартылай қорғаушысы Никита Корзун енді (22 сәтті әрекет).
Үздік үштікке сонымен қатар «Қайсардың» тіреуші жартылай қорғаушысы Дмитрий Бородин мен «Атыраудың» қорғаушысы Геворг Наджарян кірді. Қос ойыншы 19 рет допты сәтті тартып алады.