Мария Холявко Guba Open 2026 турнирінде әйелдер арасында үздік атанды

Мария Холявко Guba Open 2026 турнирінде әйелдер арасында үздік атанды

Қазақстандық 15 жастағы шахматшы Мария Холявко Әзербайжанда өткен Guba Open 2026 — Group A халықаралық турнирінде әйелдер арасында бірінші орын алды, деп хабарлайды Sport+.

Әйелдер арасындағы екінші орын да Қазақстан өкілі — 19 жастағы Аяулым Қалдароваға бұйырды, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.

Мария 9 турда 6 ұпай жинап, бес рет жеңіске жетті, екі рет тең ойнап, екі рет жеңілді. Жалпы есепте қазақстандық шахматшы 5-13-орындарды бөлісті. Қосымша көрсеткіштер бойынша 12-орынға тұрақтады. Бұл нәтиже Марияға әйелдер арасында үздік атануға мүмкіндік берді. Әйелдер арасындағы екінші орынды 5 ұпай жинаған қазақстандық Аяулым Қалдарова иеленді. Үшінші орында Әзербайжан өкілі Лала Гусейнова.

Әзербайжан шахмат федерациясы мен «Ağ Top» шахмат клубы ұйымдастырған Guba Open 2026 — 2nd International Chess Festival 2026 жылғы 4-10 қыркүйек аралығында Әзербайжанның Губа қаласында өтті. Турнир Губадағы шахмат мектебін ұзақ жылдар бойы басқарған халықаралық төреші Гудрат Исмаиловты (1961–2025) еске алуға арналды.

Фестивальдің басты турниріне 11 елден 76 шахматшы қатысты. Олардың қатарында алты гроссмейстер мен он халықаралық шебер бар. Жалпы есепте Әзербайжан өкілдері Мисратдин Искандаров пен Вугар Манафов 7 ұпайдан жинап, жеңімпаз атанды. Үшінші орын FIDE өкілі Михаил Можаровқа бұйырды.



Күн шежіресі