Қазақстандық жеті шахматшы әлемнің ең мықты 100 ойыншысының қатарына енді

Қазақстандық жеті шахматшы әлемнің ең мықты 100 ойыншысының қатарына енді

FIDE қыркүйек айындағы рейтингтік тізімінің қорытындысы бойынша Қазақстаннан бірден жеті шахматшы әлемнің үздік 100 ойыншысының қатарына кірді, деп хабарлайды Sport+.

WGM Ксения Балабаева (20 жаста) мен WGM Елназ Калиахмет (15 жаста) алғаш рет топ-100 сапынан көрінді.

Қазақстандық шахматшылар әлемдік топ-100-де:

5. GM Бибісара Асаубаева — 2536 ұпай
22. IM Алуа Нұрман — 2455
37. IM Меруерт Камалиденова — 2413
58. WGM Ксения Балабаева — 2384
77. WGM Лия Құрманғалиева — 2361
83. WGM Амина Қайырбекова — 2355
94. WIM Елназ Қалиахмет — 2347

Айдың басты жетістіктері: Ксения Балабаева 59 ұпай қосып (2325-тен 2384-ке дейін) рейтингте бірден 58-орыннан топ-100 қатарына енді. Елназ Калиахмет 43 ұпай (2304-тен 2347-ге дейін) жинап, әлемнің үздік 100 шахматшысының қатарына 94-орынмен кірді.

Қазақстанның көшбасшылары да өз позицияларын жақсартты: Алуа Нұрман 24-орыннан 22-орынға, ал Меруерт Камалиденова 46-орыннан 37-орынға көтерілді.



Күн шежіресі