Максим Сажнев — Азия чемпионы және Қазақстан рекордшысы

Максим Сажнев — Азия чемпионы және Қазақстан рекордшысы

Гонконгта өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық Максим Сажнев диск лақтырудан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.

Финалда 17 жастағы спортшы 60,45 метр нәтиже көрсетіп, барлық қарсыластарынан озып шықты. Бұл көрсеткіш оның жеке рекорды ғана емес, сондай-ақ 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстанның жаңа рекорды болды.

Жарыс барысында Максим алғашқы үш әрекетінің әрқайсысында нәтижесін жақсартып отырды — 45,67 метрден 60,45 метрге дейін.

Осылайша, ол Қазақстан құрамасына аталған турнирдегі алғашқы алтын медальді сыйлады.



Күн шежіресі