Азия чемпионаты: Қытайда бес қазақстандық жеңіл атлет бақ сынайды
Бүгін, 18 мамырда Қытайдың Чунцин қаласында жеңіл атлетикадан секіру дисциплиналары бойынша алғашқы Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Құрлықтық додада Қазақстан құрамасы сапында бес спортшы сынға түседі:
— Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру)
— Елизавета Матвеева (биіктікке секіру)
— Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру)
— Мария Ефремова (үш қарғып секіру)
— Полина Иванова (сырықпен секіру)
Чемпионаттың алғашқы жарыс күнінде Елизавета Матвеева, Надежда Дубовицкая және Анастасия Рыпакова өнер көрсетеді.