Жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты: Қазақстан алғашқы медаліне қол жеткізді
Гонконгта жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы медаліне қол жеткізді.
Ел қоржынына жүлдені Мария Щипачева салды. Спортшы үш қарғып секіруде қола медальға ие болды.
Қазақстандық атлет ең үздік мүмкіндігінде 12,70 метр нәтиже көрсетті. Алтын медальді қытайлық Ицин Се жеңіп алды — 13,36 метр. Екінші орынды үндістандық Садхана Рави еншіледі — 12,84 метр.
Сурет: Федерацияның баспасөз қызметі