Александр Шевченко Дубайда жарыстың 1-ракеткасына жол берді
Қазақстанның екінші, әлемнің 47-ракеткасы Александр Шевченко Дубай АТР 500 турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 4-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, 2021 жылғы АҚШ чемпионатының жеңімпазы, ресейлік Даниил Медведевке тап келді.
Бірінші партияда ресейлік спортшы 6:3 есебімен басым түсті.
Екінші сетте А.Шевченко 5:3 есебімен алға шыққанымен, сол басымдылығын сақтай алмады.
Бұдан кейін Д.Медведев қатарынан төрт геймді алды – 7:5.
Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 6 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Д.Медведев 2 эйс, 5 брейкке (9 брейк-пойнт) қол жеткізді.
Тағы бір қазақстандық Александр Бублик жұптық сында франциялық Адриан Маннариномен бірге үндістандық Юки Бхамбри – нидерландылық Робин Хасеге 7:6 (8:6), 3:6, 8:10 есебімен есе жіберіп, ширек финалға өте алмады.
Дегенмен А.Бублик жекелей сында жарысты жалғастырады.