Магомед Кабардиев Ашурлаевқа қарсы жекпе-жектен бас тартты. Набидің жаңа қарсыласы анықталды
Салмақ қууға байланысты қиындықтарға байланысты Магомед Кабардиев NAIZA 82 турнирінің қосалқы басты жекпе-жегінен бас тартуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Sport+.
Оның орнына Мири Садыгов шығады.
Осылайша, Алматыда өтетін турнирде жаңартылған қосалқы басты жекпе-жекте Наби Ашурлаев Мири Садыговпен жұдырықтасады.
Кештің басты жекпе-жегінде титул үшін Майке Линарес пен Жансерік Жақсығұлұлы айқасады.
2 мамыр күні өтетін турнирді Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.