Еуро рекордсменінің «Ливерпульге» ауысуы жайлы мәліметтер пайда болды
Ағылшындық «Ливерпуль» клубы «Валенсия» мен Грузия құрамасының қақпашысы Георгий Мамардашвилимен жеке келісімшарт шарттарын келісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, Мамардашвили «Ливерпульге» ауысуға дайын, тіпті бір-екі жылды басқа клубта жалға өткізуге келісім берген. Қазіргі уақытта оның агенттері Валенсияда, бірақ келісімшарт әлі жасалмаған.
Мамардашвили Еуро-2024 турнирінде 30 сейв жасап, Акинфеевтің рекордына жақындады.