Лев Скворцов Фарер аралдары — Қазақстан матчы туралы: Көпшілікте Фарер аралдары құрамасында балықшылар мен пошташылар ойнайды деген түсінік бар, бірақ олай емес
Бапкер Магомед Адиев кезінде футболдан Қазақстан құрамасына шақырту алған «Шахтер» қорғаушысы Лев Скворцов Sport+ телеарнасындағы «Футбол Плюс» бағдарламасында Ұлттар лигасының бірінші туры аясындағы Фарер аралдарына қарсы матчта Қазақстан құрамасының мүмкіндігін бағалады:
«Біз Қазақстан жастар құрамасы сапында Фарер аралдарында ойнағанбыз. Ол жерде оңай болмайды, таулы аймақ, климаты да өте күрделі. Бірақ жігіттер бұл сынақтан өтеді деп ойлаймын. Құдай қаласа, жеңіске жетсін, алайда өте қиын болады. Көпшілікте Фарер аралдары құрамасында балықшылар мен пошташылар ойнайды деген түсінік бар, бірақ олай емес. Онда барлығы кәсіби футболшылар. Көбі басқа елдерге кетуге тырысады, өйткені көптеген мемлекет жақын орналасқан. Бізге қарсы сол кезде-ақ Испанияда ойнап жүрген футболшылар да шыққан», — деді футболшы.
Матч 26 қыркүйекте өтеді.
Лев Скворцовпен толық сұхбатты телеарнаның YouTube-арнасынан көруге болады.