logo

Күрестен Еуропа чемпионатының бірінші күнін тікелей эфирі

Күрестен Еуропа чемпионатының бірінші күнін тікелей эфирі

2025 жылғы күрестен Еуропа чемпионаты Словакияның Братислава қаласында басталды. Бұл дода құрлықтың ең мықты балуандарын жинады.

Сәуірдің 7-сі, бірінші жарыс күні еркін күрес балуандары кілемге шығады. Алғашқы күні классикалық стильдегі балуандар 57, 65, 70, 79 және 97 келі салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

57 кг салмақта Еуропа чемпионы (2020) Азамат Тускаев (Сербия), U23 Еуропа чемпионы Никлас Штеле (Германия), былтырғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Мұхаммет Каравус (Түркия), U23 Еуропа чемпионы Начун Монгуш (Ресей) және басқа да мықтылар өнер көрсетеді.

65 кг салмақта Еуропа-2023 күміс жүлдегері Микай Наим (Болгария), Әлем чемпионатының қола жүлдегері Вазген Теванян (Армения), былтырғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Әли Рахимзаде (Әзірбайжан), U23 Еуропа чемпионатынан күміс пен қоланы иеленген Хамзат Арсамерзуев (Франция), U23 әлемнің екі дүркін чемпионы Ибрагим Ибрагимов (Ресей) бақ сынайды.

70 кг салмақта Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Акакий Кмертелидзе (Грузия), ересектер арасында Еуропаның қола жүлдегері, жастар арасындағы Еуропа чемпионы Василий Дьякон (Молдова), 2019 жылғы Еуропа чемпионы және жасөспірімдер арасында әлем чемпионы Давид Баев (Ресей), Еуропаның екі дүркін чемпионы Измаил Мусжукаев (Мажарстан), қазіргі Еуропа чемпионы Арман Андреасян (Армения), U23 Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, кадеттер арасындағы әлем чемпионы Кенан Хейбатов (Әзірбайжан) кілемге шығады.

79 кг салмақта Еуропа чемпионы (2021), олимпиадалық емес салмақтағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Ахсарбек Гулаев (Словакия), Еуропа-2023 қола жүлдегері Ахмад Магомедов (Солтүстік Македония), Азия чемпионы және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері Мохаммад Моттагиния (Испания), U20 Еуропа чемпионы Хайк Папикян (Армения), Олимпиада қатысушысы, Еуропа чемпионы Васил Михайлов (Украина), U23 әлем чемпионы Владимери Гамкрелидзе (Грузия), 2023 жылғы Еуропа және әлем чемпионы Ахмед Усманов (Ресей) күреседі.

97 кг салмақта Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Гиви Матчарашвили (Грузия), U23 Еуропа чемпионы Раду Лефтер (Молдова), Әлем чемпионатының қола жүлдегері Батырбек Цакулов (Словакия), Әлем және Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Абубакр Абакаров (Әзірбайжан), U23 Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Ертугрул Агка (Германия), Еуропа чемпионы Александр Хуштын (Ресей), U23 Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Ресул Гүне (Түркия), 2021 жылғы Еуропа чемпионы Магомед Курбанов (Ресей) кілемге шығады.

Көрсетілім Астана уақытымен сағат 22:00–де басталады. Жарысты тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан және Sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі