Кубоктағы алғашқы ойын: «Парма» – «Катания» матчының тікелей эфирі
Италияда футбол маусымы кубоктық матчтармен басталады. Бірден А сериясының бірқатар клубы маусымдағы алғашқы ойындарына дайындалуда.
Солардың бірі — «Парма». Бір кездері еурокубоктарды жеңіп алған италиялық клуб алғашқы матчын С сериясының өкілі «Катанияға» қарсы өткізеді.
Командалар соңғы рет 2014 жылы кездесті. Бұл «Катанияның» Италия чемпионатының жоғарғы дивизионында өнер көрсеткен соңғы маусымы болды.
«Парма» жаңа маусым алдында құрамын аздап жаңартты. Клуб Матео Пеллегриноны 22,5 миллион еуроға «Фиорентинаға» сатты. Оның орнына «Аталантаның» Эль-Билал Туресін жалға алды. Сонымен қатар «Венециядан» Ханс Кавилья, «Ювентустан» Джованни Даффара, «Майами» клубынан Бенья Кремачи және «Интерден» Франко Карбони сатып алынды.
«Парма» — «Катания» матчы сағат 21:00–де басталады.
Ойынды Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде көруге болады.