logo

Кубок үшін реванш? «Жеңіс» пен «Ақтөбе» ойынын қайдан көруге болады?

Кубок үшін реванш? «Жеңіс» пен «Ақтөбе» ойынын қайдан көруге болады?

«Жеңіс» пен «Ақтөбе» үш апта бұрын «Астана Аренада» кездескен еді. Ол кезде астаналықтар словениялық Романың голының арқасында Қазақстан Кубогының ширек финалына жолдама алды. Енді командалар ел чемпионаты аясында қайта кездескелі отыр.

«Жеңіс» чемпионаттағы өз алаңындағы «Елімайдан» жеңілген соң, Көкшетаудан Адилионың голының арқасында тең нәтижемен оралды. Сонымен қатар, бос агенттерді тіркеу мүмкіндігін пайдаланып, клуб құрамын испаниялық шабуылшы Анхель Мартинес пен бұған дейін Қазақстан чемпионатында ойнаған бразилиялық жартылай қорғаушы Жоан Мартинспен толықтырды.

Ал «Ақтөбеге» «Ұлытауды» өз алаңында жеңу оңайға соқпады. Жалғыз голдың авторы Жаиро Жан болды. Сонымен қатар, команданың шабуылшысы Идрис Умаевты жоғалтып алуы мүмкін – ол екінші тайм басында мәжбүрлі түрде ауыстырылды.

Турнирлік жағдайға келсек, «Ақтөбе» үшінші орындағы «Елімайдан» тек доп айырмашылығы бойынша қалып келеді. Ал «Жеңіс» әлі чемпионатта бірде-бір жеңіске жете алмай, 10-орында тұр. Дегенмен Вавалис шәкірттері тек бір ғана матчта жеңілген – өз алаңында «Елімайға».

«Жеңіс» – «Ақтөбе» матчы 15:00-де басталады. Ойын алдындағы студияны Айбек Қабылша 14:30-да «Астана Арена» стадионынан жүргізеді.

Тікелей көрсетілімді Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан және sportplus_qaz YouTube арнасынан көре аласыздар.



Күн шежіресі