logo

Криштиану Роналду Еуро-2024-тегі ең нашар ойыншы атанды

Криштиану Роналду Еуро-2024-тегі ең нашар ойыншы атанды

WhoScored порталы футболдан Еуропа чемпионатына қатысушылардың іс-әрекеттерін бағалап, ең нашар ойыншыларды анықтады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Рейтингтегі ең нашар көрсеткішті Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду көрсетті. Португалия құрамасының көшбасшысы Словенияға қарсы болған ойында пенальтиден гол соға алмай, XXI ғасырдың антирекордын орнатқан. Сондай-ақ сүреңсіз ойын көрсеткен ойыншылардың ондығына француз шабуылшысы Киллиан Мбаппе, тіпті Еуропа чемпионы испандық Ламин Ямаль да кірді.

Еуро-2024 ойындарының орындалу көрсеткіші бойынша ең нашар 10 ойыншысы төмендегідей:

1. Криштиану Роналду (-3,5 xG);
2. Кай Хаверц (-3,1);
3. Ромелу Лукаку (-2,3);
4. Килиан Мбаппе (-2,0);
5. Мемфис Депай (-2,0);
6. Александр Митрович (-1,8)
7. Антуан Гризманн (-1,7)
8. Ламин Ямаль (-1,5).
9. Расмус Хойлунд (-1,5)
10. Анте Будимир (-1,4).



Күн шежіресі