Ламин Ямаль Еуропа чемпионатының ең үздік жас ойыншысы атанды
Испания құрамасының шабуылшысы Ламин Ямаль футболдан Еуропа чемпионатыың ең үздік жас ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Испаниялық футболшы құрлықтық додада 13 шілдеде 17 жасқа толды. Осылайша аталған турнирдің тарихында чемпион атанған ең жас ойыншы атанды.
Сондай-ақ ол Еуропа чемпионатының ең үздік жас ойыншысы атағына лайық деп танылды.
Ламин Ямаль турнир барысында жеті ойынның барлығына қатысты. Бір мәрте гол соқса, төрт мәрте нәтижелі пас берді.
Финалдық ойында әріптесі Нико Уильямстің гол соғуына мүмкіндік жасады.