«Әл-Наср» «Байер» шабуылшысын сатып алды

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы Леверкузеннің «Байер» командасының 24 жастағы шабуылшысы Виктор Бонифасты 60 миллион еуроға сатып алды, деп хабарлайды Sport+ журналист Флориан Плеттенбергтің әлеуметтік желісіндегі ақпаратына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, нигериялық шабуылшы «Әл-Насрда» маусымына 15 миллион еуро жалақы алатын болады. Ойыншы жаңа клубында медициналық тексерістен сәтті өткен.
Ағымдағы маусымда Бонифас барлық турнирлерде 15 матчқа қатысып, сегіз гол және бір нәтижелі паспен көзге түсті.
Азия чемпиондар лигасының барлық матчтарын тікелей эфирде Sport+ арнасынан тамашалауға болады.