ММА-дан әлемнің үздік лигасы өз қатарына тағы бір қазақстандық жауынгерді қосты (видео)
93 келі салмақта төбелесетін қазақстандық жауынгер Дияр Нұрғожай UFC-мен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
2 қазанда Дияр Дана Уайттың үміткерлер шоуында жекпе-жек өткізіп, екінші раундта Бартош Шевчукты аяқпен соққы жасап, нокаутқа жіберді.
Қазір 27 жастағы қазақстандықтың рекорды 10-0. Он жекпе-жектің 6-да ол қарсыласын нокаутқа жіберді.
Әлемнің ең мықты лигасы UFC-де қазіргі уақытта Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, Азат Мақсұм, Бекзат Алмахан, Николай Веретенников сынды жауынгерлер өнер көрсетеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram