Хоакин Бакли Томпсонды нокаутқа жіберіп, Рахмоновтың белбеу үшін жекпе-жегін жариялады
Америкалық жауынгер Хоакин Бакли UFC 307 турнирі аясында үшінші раундта Стивен Томпсонды нокаутқа жіберді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл Баклидің жартылай орта салмақтағы қатарынан бесінші жеңісі. Жекпе-жектен кейін ол:
«Мен жыл соңында Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммад белбеу үшін төбелесі болады деп естідім, сондықтан Камару Усман, бір жеріңді көтеріп, жекпе-жек өткізуге дайындал», — деді Хоакин жеңісінен кейін.