Константин Горовенко: Біздің мақсатымыз – жастарды ұлттық құрамаға дайындау
21 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бас бапкері Константин Горовенко алдағы жұмыс туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Әрбір бапкер үшін ұлттық құрама командаларында жұмыс істеу – үлкен мәртебе. Жастар құрама жас ойыншыларға өсу үшін үлкен қадам. Біздің алғашқы мақсатымыз – ұлттық құрамалар арасында қарым-қатынас орнату.
Әр елде көптеген жас ойыншылар бар. Матчтарды талдасақ, Қазақстанда да жас ойыншылар көп. Мысалы, жастар құрамасынан ұлттық құрамаға ауысқан Максим Самородов, Иван Свиридов те шақырту алып жүр. Біздің мақсатымыз – халықаралық тәжірибе арқылы жас ойыншыларымызды ұлттық құрамаға дайындау.
Жастар құрамасы әрқашан ұлттық құрамамен байланыста болып, бір ойын үлгісін ұстанғаны маңызды. Біз Магомед Мұсаұлымен сөйлестік, алдағы уақытта да пікір алмасуға тырысамыз. Өйткені, жастар құрамасындағы басты міндет – халықаралық тәжірибе жинақтау арқылы ұлттық құрамаға кедергісіз өтуді қамтамасыз ету», – деді маман.
Аталмыш қызметте Горовенко 2020 жылдың қараша айынан бастап командамен жұмыс істеген Қайрат Нұрдәулетовті алмастарды.