Көкшетаудан тағы бір тосынсый күтеміз бе? «Оқжетпес» – «Тобыл» матчының тікелей эфирі

Көкшетаудан тағы бір тосынсый күтеміз бе? «Оқжетпес» – «Тобыл» матчының тікелей эфирі

Жақын арада Конференциялар лигасындағы жорығын бастайтын қостанайлықтар «Қызылжарды» маңызды матчта жеңіп, турнирлік кестедегі қауіпті аймақтан біртіндеп шыға бастады.

Ал «Оқжетпес», керісінше, соңғы екі ойында қатарынан 2:2 есебімен тең түскеніне қарамастан, көшбасшылар тобындағы орнын сенімді түрде сақтап келеді.

Көкшетаулықтар қазір жеңіліссіз алты матчтық серияға ие. Соңғы рет олар Қазақстан кубогында «Жеңіске» жол берген болатын.

Сонымен қатар, «көктаулықтардың» бас бапкері Ринат Әлюетов «Тобылға» қарсы ойындарда сәтсіз нәтиже көрсетіп келеді. Қазақстандық маманның қостанайлықтармен өткізген төрт кездесуінің барлығында «Тобыл» жеңіске жеткен.

Бұл командалардың бесінші кездесуі 21 маусым күні сағат 17:00–де өтеді. Матчтың тікелей трансляциясын Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі