logo

Бейбіт Жұқаев алғаш рет ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты

Бейбіт Жұқаев алғаш рет ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық, әлемнің 213-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Алматы ATP 250 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Екінші айналымда 24 жастағы қазақстандық теннисші әлемнің 25-ракеткасы, чехиялық Томаш Махачты жолдан тайдырды.

Бірінші партияда Бейбіт 3:1 есебімен алда тұрған кезде өзін жайсыз сезінген чехиялық спортшы бәсекені жалғастырудан бас тартты. 

Т.Махач бірінші айналымда тағы бір қазақстандық Тимофей Скатовты ұтқан еді.

Ақтау теннис мектебінің түлегі жартылай финалға шығу үшін әлемнің 26-ыншы, осы жарыстың 3-ракеткасы, ресейлік Карен Хачанов немесе рейтингіде 116-орындағы финляндиялық Отто Виртаненнің біреуімен таласады.

Спорттық жолында алғаш рет осындай санаттағы доданың ширек финалына өткен Бейбіт Жұқаев қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 180-орынға көтеріліп тұр.