logo

Александр Недовесов камбэкпен Бельгиядағы жарыстың жартылай финалына өтті

Александр Недовесов камбэкпен Бельгиядағы жарыстың жартылай финалына өтті

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 57-ракеткасы Александр Недовесов Антверпен (Бельгия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық теннисші америкалық Роберт Галловеймен бірге ширек финалда жарыстың 4-ракеткалары, хорватиялық Иван Додиг - чехиялық Адам Павлашектің меселін қайырды.

Бірінші партияда хорватиялық-чехиялық дуэт басым болды - 6:3. Дегенмен бұдан кейін Недовесов - Галловей камбэк жасай білді - 6:3, 10:5.

Бір сағат 18 минутқа созылған бәсеке барысында екеуі 3 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Додиг - Павлашек 2 эйс, 2 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

Александр Недовесов - Роберт Галловейдің жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Қазақстандықтар Александр Шевченко - Тимофей Скатов Алматы ATP 250 додасының ширек финалынан аса алмады. Олар турнирдің 4-ракеткалары, аргентиналық Гвидо Андреоцци - үндістандық Шрирамбалай Нараянасвамиге жол берді - 3:6, 4:6.



Күн шежіресі