Каратэден Қазақстан құрамасы Испанияда өтетін ірі чемпионатқа қатысады
Қазақстандық каратэшілер Памплонада (Испания) өтетін ұлттық командалар чемпионатында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport+.
Еліміздің намысын кумитеден сегіз спортшыдан тұратын ерлер құрамасы қорғайды.
Құрама сапына Қайсар Алпысбай, Нұрқанат Әжіқанов, Жоламан Бігабыл, Данияр Юлдашев, Никита Тарнакин, Ғалым Асылхан, Әбілмансұр Батырғали, Диас Үлбек енді.
Турнир 22-24 қараша аралығында өтеді. Қазіргі уақытта жарысқа 43 командадан 388 спортшы қатысатыны мәлім болды.