logo

Қазақстан триатлон құрамасы Сауд Арабиядағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Қазақстан триатлон құрамасы Сауд Арабиядағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Сауд Арабияның Әл-Джубаил қаласында өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы триатлоннан Азия чемпионатын үш медальмен аяқтады, деп хабарлайды Sport+.

Аралас командалық жарыстарда Қазақстан құрамасы 1 сағат 13 минут 10 секундта мәреге жетіп, күміс жүлдені иеленді. Біздің елдің намысын Егор Крупяков, Милена Саприна, Александр Тен және Диана Ержанова қорғады. Алтын жүлде Гонконг триатлоншыларына бұйырды.

Чемпионаттың алғашқы күні ерлер арасындағы жарыста Александр Тен күміс жүлде, ал Егор Крупяков қола жүлде алды.

Биылғы жарысқа 21 елден 128 спортшы (84 ер және 44 әйел) қатысты.