Тоғыз қазақстандық биатлоншы әлем кубогының алғашқы кезеңінде өнер көрсетеді
Қазақстан биатлон құрамасының жаттықтырушылар штабы Контиолахтиде (Финляндия) өтетін әлем кубогының бірінші кезеңіне қатысатын спортшылар құрамын атады, деп хабарлайды Sport +.
Әлем кубогы 30 қараша мен 8 желтоқсан аралығында өтеді.
Аталмыш сайысқа Қазақстан атынан келесі спортшылар қатысады: Әсет Дүйсенов, Александр Мухин, Владислав Киреев, Вадим Куралес және Кирилл Бауэр, сондай-ақ әйелдер құрамасынан Арина Крюкова, Галина Вишневская-Шепоренко, Ольга Полторанина және Полина Егорова.