Кабо-Верде елі тарихында алғаш рет Олимпиада медалін олжалады
Африканың батысында орналасқан Кабо-Верде арал-мемлекетінің тарихында алғаш рет ел спортшысы Олимпиада медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бокстан 51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Даниэль Давид Варела де Пина замбиялық Патрик Чиньембаны жеңіп, жартылай финалға шықты, яғни кемі қола жүлдегер атанып отыр. Енді финалға шығу үшін ол өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовпен жұдырықтасады.
Айта кету керек, Кабо-Верде тарихында сегізінші Олимпиада ойындарына қатысып жатыр. Ең алғаш рет ел спортшылары Атлантадағы жазғы ойындарында бақ сынаған. Алайда, осы күнге дейін бірде-бір спортшысы жүлдеге іліне алмай келіпті.
Ал, Париждегі ойындар Варела де Пинаның екінші Олимпиадасы. Токиода ол жеңіліп қалған болатын.
Кабо-Верде – Африканың батысында Атлант мұхитында орналасқан Жасыл мүйіс аралдарының біріндегі мемлекет. Елдегі халық саны небәрі 583 мыңнан адамнан сәл-ақ асады.