logo

Бүгін Милад Карими мен Нариман Курбанов Олимпиада алтынына таласады

Бүгін Милад Карими мен Нариман Курбанов Олимпиада алтынына таласады

Бүгін Париж Олимпиадасында Қазақстан гимнастшылары финалдық бәсекеде бағын сынайды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Сонымен қатар, дзюдошылардың командалық жарысы басталып, Нұрлыхан Шархан бастаған біздің құрама татамиге шығады.

Бокстан Қазақстан қыздар құрамасының жалғыз өкілі Назым Қызайбай болса жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады.

3 тамызға арналған жарыс кестесі:

Дзюдо, аралас командалар жарысы

  • Қазақстан құрамасы
  • Басталуы: 11.00 (іріктеу кезеңі), 19.00 (финалдық кезең)

Стенд ату, ерлер (скит). Екінші іріктеу

  • Эдуард Ещенко
  • Басталуы: 12.00

Стенд ату, әйелдер (скит). Бірінші іріктеу

  • Әсем Орынбай
  • Басталуы: 12.00

Шосседегі велоспорт, ерлер. Топтық жарыс, финал

  • Алексей Луценко, Евгений Федоров
  • Басталуы: 14.00

Бокс, 50 кг дейін (әйелдер). 1/4 финал

  • Назым Қызайбай
  • Басталуы: 19.50

Спорттық гимнастика, еркін жаттығу (ерлер). Финал

  • Милад Карими
  • Басталуы: 18.30

Спорттық гимнастика, атта жаттығу. Финал

  • Нариман Курбанов
  • Басталуы: 20.16