logo

Иван Дычко шаршы алаңға оралды

Иван Дычко шаршы алаңға оралды

22 тамызға қараған түні қазақстандық боксшы Иван Дычко (14-0, 13 КО) америкалық Крейг Льюисті (15-8-1, 8 КО) нокаутқа жіберді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Америкада өткен жекпе жек сезіг раундқа жоспарланған еді, алайда Дычко екінші раундта қарсыласын нокаутпен жеңді.

Дычко шаршы алаңға соңғы рет 2023 жылдың маусымында Аргентинада шыққан еді.