logo

Юлия Путинцева әлемнің үздік 30 теннисшісінің қатарына қосылды

Юлия Путинцева әлемнің үздік 30 теннисшісінің қатарына қосылды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева әйелдер арасында әлемнің үздік 30 теннисшісінің қатарына енді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Тізімнің көш басында белоруссиялық Арина Соболенко 9706 ұпаймен тұрақтады. Ал польшалық Ига Швентек 9665 ұпаймен 2-орында тұр. Үздік үштікке америкалық Кори Гауфф (5963 ұпай) та енді. Қазақстандық Елена Рыбакина 4-ші орыннан 5-орынға сырғыды. Бұл ретте Юлия Путинцева 32-орыннан үш саты жоғарылап, 29-орынға көтерілді. Отандасымыздың еншісінде 1844 ұпай бар.

Сондай-ақ, жұптық сында Чехия өкілі Катержина Синякова (8975 ұпай) бірінші орынға шықты. Одан кейінгі қатарға Жаңазеландия теннисшісі Эрин Рутлифф (7415 ұпай) пен (6165 ұпай) Украина атлеті Людмила Киченок қосылды.

Жұптық сын бойынша еліміздің ракеткасы Анна Данилина рейтингте бір орын төмендеген. Ол қазір әлем бойынша 23-орынға табан тіреп отыр.