logo

Исламиада-2025: Семсерлесуші София Актаева күміс жүлдегер атанды

Исламиада-2025: Семсерлесуші София Актаева күміс жүлдегер атанды

Семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі София Актаева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдеге ие болды.

Жерлесіміз рапирамен семсерлесуден Исламиаданы екінші орынмен аяқтады.

Финалда ол Түркия өкілі Алара Атмакамен кездесті. Тартысқа толы өткен айқаста 15:13 есебімен түркиялық спортшы жеңіске жетті.

 Сурет: Нұрғали Жұмағазы