logo

Таеквондошы Нұрбек Ғазез Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медаль жеңіп алды

Таеквондошы Нұрбек Ғазез Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық таеквондошы Нұрбек Ғазез Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Үшінші орын үшін өткен жекпе-жекте ол Буркина-Фасо өкілі Ибрахим Майгамен күш сынасты. Ғазез тартысты кездесуде 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, отандасымыз 67 келі салмақта ел қоржынына қола жүлде салды.



Күн шежіресі