logo

Мадина Мырзамсейітова: Басты мақсат - Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алу

Мадина Мырзамсейітова: Басты мақсат - Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алу

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы орайда, ұлттық құрама ойыншысы Мадина Мырзамсейітова жеңіске қатысты пікір білдірді.

Айта кетейік, отандастарымыз Әзірбайжан құрамасын 34:31 есебімен жеңді.

«Ойын өте тартысты өтті. Біз Әзірбайжан құрамасына қарсы бар күшімізді салып ойнадық.

Бірінші тайм оңай болған жоқ. Ал екінші таймда жинақталып, соңында жеңіске жеттік.

Біздің сөзбен «Жылдам орталық шабуыл» әдісі деп атауға болады. Осы тәсіл арқылы қысқа уақытта гол салып, жеңіске жеттік.

Басты қарсыласымыз Түркия құрамасы деп ойлаймыз. Финалға барынша дайындалып жатырмыз. Әрине, бәріміздің мақсатымыз — алтын медаль жеңіп алу. Түркия құрамасымен алғаш рет ойнаймыз», — деді Мадина Мырзамсейітова.



Күн шежіресі