Ислам Чесноков жаңа клуб таңдады

Ислам Чесноков жаңа клуб таңдады

Шотландияның «Хартс» клубында өнер көрсеткеннен кейін Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков қайтадан «Тобылға» оралды, деп хабарлайды қостанайлық клубтың баспасөз қызметі.  

Футболшымен 2028 жылдың соңына дейінгі келісімшартқа қол қойылды.

Бұған дейін «Тобыл» сапында өнер көрсеткен кезеңде Чесноков екі рет Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанып, бір мәрте Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды. Сондай-ақ команданың жетістіктеріне елеулі үлес қосты.