Яакко Оксанен: Суперкубоктағы жеңіс біздің жанкүйерлеріміз үшін маңызды
«Қайрат» клубының жаңа ойыншысы финляндиялық Яакко Оксанен Sport+ сайтына берген сұхбатында жаңа команда туралы әсерімен және маусым басталар алдындағы мақсатарымен бөлісті.
— «Қайратқа» қосылу туралы шешімді неге қабылдадыңыз?
— Клубтың жоспарлары мен даму стратегиясы мені қатты әсерлендірді. Мұнда өте өршіл басшылық бар. Сондай-ақ еурокубоктарда өзімді жақсы қырынан көрсетуге мүмкіндік бар. Дәл осы себепті мен осындамын.
— Алматы туралы алғашқы әсеріңіз қандай?
— Мен алғаш рет өткен жазда, КуПС сапында ойнап жүргенде келдім. Бұл — табиғаты әсем, адамдары қонақжай өте көркем қала. Сол матчтарда «Қайрат» жақсы дайындалған әрі бәсекеге қабілетті команда екенін көрсетті.
— Келесі аптада сіздерді Қазақстан Суперкубогы аясында «Тобыл» командасына қарсы ойын күтіп тұр. Осы матчқа және жалпы маусымға қойылған мақсаттар қандай?
— Мен Суперкубоктағы жеңістің жанкүйерлер мен қала үшін өте маңызды екенін білемін. Сондықтан бұл матчта жеңіске жетуіміз керек. Ал маусымға келсек, біз чемпиондық титулды қорғау үшін күресіп, еурокубоктарда жақсы нәтиже көрсетуге тиіспіз.
