logo

Григорий Панин жарақат алып жарыстан тыс қалды

Григорий Панин жарақат алып жарыстан тыс қалды

«Салават Юлаев» қорғаушысы Григорий Панин жарақат кесірінен бір ай мұз айдынына шықпайды, деп хабарлайды Sport+

Хоккеиші 29 қаңтар күні «Авангардпен» ойын кезінде жарақат алып, жансақтау бөліміне жіберілді. Ойыншының қабырғасы сынғаны анықталып, қазіргі уақытта палатаға ауыстырылған.

39-жасар Қарағанды тумасы осы маусымда ҚХЛ аясында 49 матч өткізіп, 7 (2+5) ұпай еншілеген.