«Барыс» бүгін «Авангардпен» кездеседі

«Барыс» бүгін «Авангардпен» кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 31 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.

Екі команда бұған дейін 80 мәрте кездескен. Оның 27-сi елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Қазір турнир кестесінде «Барыс» 28 ұпаймен 23-орында тұрса, «Авангард» 53 ұпаймен 14-орында келеді.

Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі екі ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 2 ақпанда Ресейде «Амур» (Хабаровск) командасымен кездессе, 4 ақпанда «Адмирал» (Владивосток) командаларымен шеберлік байқасады.



Күн шежіресі