logo

Роман Старченко: Қиын болса да, шыдадық

Роман Старченко: Қиын болса да, шыдадық

«Барыс» капитаны Роман Старченко «Сибирьмен» (4:3 ОТ) ойынды қорытындылады, деп хабарлайды Sport+

— Ауыр ойын болды. Жақсы бастадық, бірақ кейін тәртіп жағынан осалдық таныттық. Ойыншыларымыз алаңнан кетті, қорғаныста дұрыс ойнамадық. Дегенмен, шыдадық, үшінші кезеңде қарқын қосып, шайба соғып, жеңіске жете білдік.

— Бүгін мерейтойлық матч өткізіп жатырсыз. Қандай сезімдесіз?

— Әрине, бұл көрсеткіш қуантарлық жағдай, дегенмен ең бастысы бүгін жеңіске жеттік.

— Жарақаттан кейін қалай ойнап жүрсіз? Қалыпқа келдіңіз бе?

— Қалыпқа келдім, дегенмен 2.5 ай үзілістен соң ойнау қиынға соқты. Әлі ойынның қарқынына кірісуім керек. Бірақ жігіттер маған көмектесіп жүр, мен де оларға көмектесем. Сол үшін бәрі жақсы деуге болады.



Күн шежіресі