Боян Младович «Пафос» - «Астана» ойыны жайлы: Елордалықтарға бұл кездесу қиынға соғады
Қостанайлық «Тобылдың» бұрынғы қорғаушысы, қазір Кипрдің «Анортосис» командасында ойнайтын Боян Младович Sport+ сайтына УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі «Пафос» пен «Астана» арасындағы ойынға болжамымен бөлісті.
«Пафос» – жақсы команда, бұл олардың ұлттық чемпионаттағы нәтижелерінен де көрініп тұр. Олардың құрамы өте мықты. Олар тек шабуылда ойнап, көп гол соғады, шабуылы – команданың ең мықты бөлігі, және «Астанаға» бұл матчта оңай болмайды», – деді Младович.
Конференциялар Лигасы аясындағы «Пафос» пен «Астана» арасындағы матч 7 қараша күні Кипрде өтеді.