logo

Григорий Бабаян: Клубтың «Челсимен» Астанада ойнауға ынтасы зор, бірақ бұл бізге байланысты емес

Григорий Бабаян: Клубтың «Челсимен» Астанада ойнауға ынтасы зор, бірақ бұл бізге байланысты емес

«Астана» футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян Sport Plus Qazaqstan тілшісіне лондондық «Челсимен» УЕФА Конференция лигасы аясындағы ойын туралы сұраққа жауап берді.

— Команданың, бапкерлер штабының және бүкіл клубтың Астанада, яғни «Астана Аренада», өз жанкүйерлерінің алдында осындай үлкен матчты ойнауға деген ынтасы зор. Алайда, бұл жағдайда бәрі клубтың бір тілегіне байланысты емес. Әзірше ресми түрде Алматының Орталық стадионында ойнап жатырмыз, «Челсиді» де осы стадионда қабылдауға дайындалып жатырмыз, бірақ үмітіміз үзілмейді, — деді қазақстандық бапкер. 

 



Күн шежіресі