logo

Григорий Бабаян: Біз қарсыластан осал болмадық

Григорий Бабаян: Біз қарсыластан осал болмадық

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Нью-Сейнтспен» матчтан соң жергілікті журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Sport+.

 — Әрине, нәтижеге көңіліміз толмайды, өйткені біз қарсыластан осал болмадық. Бірақ жеңіске жету үшін оңтайлы сәттерді жүзеге асыру керек, бізде шамамен 6-7 сәт болды. Алғашқы таймда 2-3 эпизодты назардан тыс қалдырдық, осылайша гол өткізіп алдық. Екінші таймда да, өз мүмкіндіктерімізді мүлт жіберіп, контршабуылды өткізіп алдық, нәтижесінде пенальти және есеп 0:2. Бүгін алаңға шыққан ойыншылар барын салды, дегенмен қателікке бой алдырды. Қос гол да біздің қателіктеріміздің кесірінен.  


Күн шежіресі