Гандболшылар бүгін кезекті матчын өткізеді
Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өтіп жатқан гандболдан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін, 4 желтоқсанда екінші турда Оңтүстік Кореямен кездеседі, деп хабарлайды Sport+ Kazinform.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Қазақстандық гандболшылар А тобында ойын көрсетеді. Қарсыластары — Қытай, Сингапур және Оңтүстік Корея. Алғашқы турда ел құрамасы Қытайды 28:26 есебімен тізе бүктірді. Сондай-ақ, 6 желтоқсанда олар Сингапурмен ойнайды.
Ал В тобында Жапония, Үндістан, Гонконг және Иран сынға түсіп жатыр. Әрбір топтан алғашқы екі орындағы құрамалар плей-офф сатысына жолдама алады.
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2002, 2010 жылдары Азия чемпионы атағын жеңіп алса, 2021 жылы қола жүлдегер атанды. Еске салсақ, олар былтыр әлем чемпионатында жалпы есепте 30-орынды қанағат тұтты.