logo

«Галатасарай» көш басына шығуы мүмкін. «Галатасарай» — «Газиантепспор» матчын қайда және нешеде көруге болады

«Галатасарай» көш басына шығуы мүмкін. «Галатасарай» — «Газиантепспор» матчын қайда және нешеде көруге болады

17 қыркүйекте Түрік Суперлигасы 3 турының «Галатасарай» — «Газиантепсор» кейінге ауыстырылған матчы өтеді.

Стамбулдықтар 4 турда мүмкін болатын 12 ұпай жинады. Егер олар бүгін өз алаңында жеңіске жетсе, турнир кестесінде «Фенербахчені» айналып өтеді.

Қазіргі уақытта «Галатасарайдың» үздік сұрмергені  — қоржынында 3 голы Барыш Йылмаз, дегенмен бас бапкер Окан Буруктың қарамағында Виктор Осимхен, Дрис Мертенс, Роланд Шаллай, Мауро Икарди, Миши Батшауи сияқты шебер орындаушылар бар.

«Газиантепспорға» келетін болсақ, команда төрт турда 3 ұпай жинап, турнир кестесінің 14-ші орнында жайғасты. Команданың үздік сұрмергені -босниялық шабуылшы Кенан Кодро, оның активінде 1 гол және 1 нәтижелі пас бар.

«Галатасарай» — «Газиантепспор» матчы сағат 22:00–де басталады. Тікелей эфирде бұл матчты Sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі