logo

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы жайлы: Мен үшін бұл өте маңызды

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы жайлы: Мен үшін бұл өте маңызды

Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесов құрамада жұмыс істейтін бапкерлер штабы туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:

«Талқылаулар жүріп жатыр. Мен үшін Қазақстан құрамасында менің алдымда жұмыс істеген бапкерлер штабының мүшелері ешқайда кетпеуі маңызды. Олар менің алдымда жұмыс істеп, пайдасын тигізді. Біз олардың тәжірибесін үйренеміз, олар бізден үйренеді. Барлық командаларымда солай болды. Мен өз штабыммен келгенде, бәрі орнында қалатын. Біз бәріміз бірге өсетінбіз. Менің штабыма келетін болсақ, ешқандай асығыстық жоқ. Біз сөйлесеміз. Барлығын дұрыс қалай істеу керектігін ойлаймыз»



Күн шежіресі