Футболдан Қазақстан чемпионатының 23-турының жаңа күндері анықталды

Футболдан Қазақстан чемпионатының 23-турының жаңа күндері анықталды

2026 жылғы футболдан Қазақстан Республикасы Премьер-лигасы клубтары арасындағы чемпионаттың кейінге шегерілген 23-тур ойындары 2026 жылғы 17-18 қазанда, Қазақстан Республикасы чемпионатының 29-турын өткізуге жоспарланған күндері өтеді, деп хабарлайды Sport+.

ҚР чемпионатының 29-тур ойындары 2026 жылғы 24-25 қазанда өткізіледі.

ҚР чемпионатының 30-тур ойындары 2026 жылғы 31 қазанда өтеді.

2026 жылғы Қазақстан Республикасы Кубогының финалын өткізу күні туралы ақпарат қосымша хабарланады.