logo

Футболдан Қазақстан чемпионатында қатысушылар саны өзгерді

Футболдан Қазақстан чемпионатында қатысушылар саны өзгерді

2025 жылдың 12 қыркүйегінде Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды Sport+ Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап. 

Күн тәртібіне 2025 жылғы маусымда Қазақстан Премьер-Лигасы (ҚПЛ) мен Бірінші лига регламенттеріне өзгерістер енгізу, футзал бойынша регламенттерді бекіту, сондай-ақ ұлдар мен қыздар арасындағы жасөспірімдер турнирлерін өткізу құқығын беру мәселелері енгізілді.

Күн тәртібіне сәйкес, Атқарушы комитет келесі шешімдерді қабылдады:

— 2025 жылғы маусымға арналған ҚПЛ Регламентіне өзгерістер енгізілді:

«Турнирлік кестеде 14-орынды иеленген клуб командалары ҚПЛ-дан шығып, 2026 жылғы маусымда Бірінші лигада өнер көрсетеді».

«2025 жылғы маусымда Бірінші лигада 1, 2 және 3-орын алған клуб командалары 2026 жылғы маусымда ҚПЛ-ға қатысу құқығына ие болады, ҚПЛ клубтарының құрылымына кіретін және ҚПЛ-ға қатысушы клубтардың жастар командаларын қоспағанда.
Егер 2025 жылғы маусымда Бірінші лигада 1, 2 немесе 3-орынды ҚПЛ клубының құрылымына кіретін немесе ҚПЛ клубының жастар командасы иеленсе, онда ҚПЛ-ға қатысу құқығы Бірінші лига турнирлік кестесінде келесі орындарды иеленген, Қазақстан футбол федерациясынан тиісті рұқсат (лицензия) алған клуб командаларына беріледі».

— 2025 жылғы маусымға арналған Бірінші лига Регламентіне өзгерістер енгізілді:

«2025 жылғы маусымда Бірінші лигада 1, 2 және 3-орын алған клуб командалары 2026 жылғы маусымда ҚПЛ-ға қатысу құқығына ие болады, ҚПЛ клубтарының құрылымына кіретін және ҚПЛ клубтарының жастар командаларын қоспағанда».

«Егер 2025 жылғы маусымда Бірінші лигада 1, 2 немесе 3-орынды ҚПЛ клубының құрылымына кіретін немесе ҚПЛ клубының жастар командасы иеленсе, ҚПЛ-ға қатысу құқығы келесі орын алған басқа клуб командасына беріледі».

— 2025–2026 жылдардағы маусымда U-13, U-15, U-17, U-19 жас санаттары бойынша дайындық топтары командалары арасында футзал чемпионаттарының регламенттері бекітілді;

— 2025 жылы университеттер арасында Қазақстан қыздар футзал лигасын өткізу туралы Ереже бекітілді;

— «Қазақстанның Жасөспірімдер Футбол Лигасы — Freedom» корпоративтік қоры
2026–2028 жылдардағы маусымда U15, U16, U17, U18 жас санатындағы жасөспірім ұлдар командалары және U17 жас санатындағы қыздар командалары арасындағы жарыстарды (Қазақстан Республикасының чемпионаттары) өткізу құқығын алды.



Күн шежіресі